+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қорытындысы
02 Қаз, 14:44

2023 жылғы 28-29 қыркүйек күндері Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізді.

Слетқа республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысты. Біздің облыстың намысын облыстық кезеңнің 9 жеңімпаз оқушысы қорғады.

Слет қорытындысы бойынша «Жас өлкетанушы» номинациясының «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» бағытында III дәрежелі дипломды Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, 11 сынып оқушысы Абай Нұрайым жеңіп алды.

Нұрайымды Республикалық слеттегі жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауды тілейміз!