2023 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары, оқу озаттары мен белсенділері «Жаңа Қазақстан: Әділетті қоғам» атты екі күндік онлайн семинар-тренингке қатысты.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарға қатысушылар: «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар», «Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары», «Қарама-қайшылықтар бар ма»? «Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері»,«Жаңа Қазақстан: даму траекториясы», атты дәрістерін тыңдай отырып, «Жаңа Қазақстан» ұлттық идеясы туралы білімдерін жетілдірді.
Семинар-тренингтің тәжірибелік бөлігінде қатысушылар әлеуметтік жобалар әзірлеп, командалық ойындар мен тренингтерге қатысты.
Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.