Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың VI облыстық интеллектуалдық конкурсыөтетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – туған жер тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – аудандық (қалалық) - (2023 жылдың 10 қазанында).
Екінші кезең – облыстық - (2023 жылдың 16 қазанында).
Үшінші кезең – республикалық, ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтеді.
Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздарықатыса алады. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын команданың сандық құрамы 8 қатысушы және 1 үйлестіруші.
Конкурс екі айналымда өтеді:
І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша онлайн тестілеу;
ІІ айналым – 4 номинация бойынша (әрбір номинацияда оқушы жеке қорғайды);
- «Менің шағын Отанымның тарихы» - 2 оқушы;
- «Шағын Отанымның символы» - 2 оқушы;
- «Менің шағын Отанымның болашағы» - 2 оқушы;
- «Менің туған өлкем» (эссе) – 2 оқушы.
Білім бөлімінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген конкурсқа қатысу (Конкурс Ережесінде көрсетілген) туралы сұранысты 2023 жылдың 12 қазанына дейін priеmnaya@shygysdaryn.kz мекен-жайына жіберу керек.