+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Экономикадан облыстық олимпиаданы өткізу туралы
25 Қаң, 11:07

 

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012-2013 оқу жылының жұмыс жоспарына сай, экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында экономика  бойынша облыстық олимпиада өткізеді.

Олимпиада 10-11 сынып оқушылары үшін екі кезеңнен тұрады:

- аудандық (қалалық) – 2013  жылдың  7 ақпаны;

- облыстық – 2013 жылдың 15 ақпаны.

Аудандық (қалалық) кезеңге экономиканы зерттеуде жетістіктерге жеткен оқушылар шақырылады.

Осы кезеңді жергілікті жерде ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлғаларды тағайындау қажет. Жіберілген тапсырыстарға сәйкес жауапты тұлғалардың электронды мекен-жайына 06.02.13 ж. тапсырмалар жіберіледі. Олимпиаданың жүргізілу тәртібі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (www.shygysdaryny.kz) сайтында берілген.  

Аудандық (қалалық) кезеңдердің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге (1-орын 10 сынып, 1-орын 11-сынып) қатысу үшін тапсырыстар жасалады.

Облыстық айналымға қатысуға тапсырысты 2013 жылдың 11 ақпанына дейін келесі мекен-жай бойынша жіберу қажет: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74 үй «Дарын» ШҚ ӨҒПО немесе тел-факс: 8/7232/55-21-12, эл. пошта: vk_daryn@mail.ru

Тапсырыс үлгісі:

Оқушының аты-жөні

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Оқыту тілі

Үйлестірушінің аты-жөні  

тел. (жұм.ұялы.)

 

 

 

 

 

 

 

Экономика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өтеді. Қатысушыларды тіркеу – сағ. 900-де (Өскемен қаласы, Крылов көшесі 72, 501 дәрісхана).