+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық қашықтық кезеңінің қорытындысы
27 Қыр, 17:10

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 28 жеңімпаз анықталды: I орын - 8, II орын - 9, III орын - 11.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!