2023 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында ШҚО білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын» лагерінің базасында «Қауіпсіздік мектебі - 2023» облыстық жарысын өткізді.
Мақсаты өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелелеріне үйрету.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 15-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.
Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт эстафетасы, техногендік авария кезіндегі іс-қимылдар, өрттің ошағында және қираған ғимараттардың үйінділерінің астында қалған зардап шеккендерді алу кезеңдерін еңсеруде жеңіске жету үшін күресті.
Облыстық жарыстын қорытындысы бойынша командалар келесі орынға ие болды:
1 орын – «Сұнқар» командасы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;
2 орын – «Бүркіт» командасы, «№ 14 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы;
3 орын – «Легион» командасы, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Жеңімпаздар біздің өңірді 2024 жылғы Республикалық жарыста таныстырады.
Жарыс бағдарламасына, сондай-ақ шеберлік сыныптары (жергілікті жерде бағдарлау, өткелді еңсеру, зардап шегушіні тасымалдау және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету) және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары енгізілді.
«Облыста осындай іс-шаралар өткізілгені өте жақсы. Болашақта әскери дәрігер болғым келеді, алған дағдыларым мен білімім пайдалы болады», - деп атап өтті Матоктанова Аружан, 10 сынып оқушысы, «Алтай қаласының №8 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!









