+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
25 Қыр, 12:28

2023 жылдың 21-24 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Дарын» лагері базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО білім басқармасымен бірлесіп «Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауын өткізді.

Жарыстың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Байқауға облыстық кезеңнің 10-17 жастағы 132 жеңімпазы қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:

1) «Менің елім - менің жерім» (классикалық живопись, тематикалық натюрморт);

2) «Таланттар палитрасы» (авангардты және эксперименттік живопись, сюжеттік композиция).

Конкурстық жұмыстарды ШҚО суретшілер одағының мүшелерінен, облыстың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларынан тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Байқау барысында балаларға арналған психологиялық тренинг, кездесу кеші, «Менің Отаным» пленэрі, спорттық эстафеталар, квест, этнопарк пен өнер мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.

2023 жылдың 23 қыркүйегінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды салтанатты жабылу рәсімінде республикалық конкурстардың лауреаттары - шығармашылық ұжымдар құттықтады.

Республикалық байқауға Шығыс Қазақстан облысы атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 7 оқушы қатысты.

Қорытынды бойынша Өскемен қаласы «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқушысы Кириченко Ангелина І орынды, Өскемен қаласы «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқушысы Наседкина СофьяІІ орынды жеңіп алып,облысымыздың қоржынын екі жүлдемен толтырды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!