1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Дене шынықтыру» пәні бойынша облыстық оқушылар Олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысушыларды, жеңімпаздарды және жүлдегерледі анықтауды айқындайды.
1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) мектептің білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың мектеп тәжірибесін байыту;
2) дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікке тәрбиелеу;
3) жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру мен спортты дамыту деңгейін арттыру;
4) дене тәрбиесі арқылы білім алушыларды достыққа баулу;
5) ғылыми білімді насихаттау және білім алушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту;
6) олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету;
7) жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу;
8) дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау.
2. Олимпиада кезеңдері
2.1. Олимпиада білім басқармасының тиісті органдарымен екі кезеңде өткізіледі. Білім басқармасы ұйымдастыру комитеттерін құрады: аудандық (қалалық), облыстық.
Кезеңдер:
1) бірінші кезең – аудандық. Аудандық/қалалық кезең 2023 жылдың қыркүйегінде аудандық білім бөлімдері әзірлеген тапсырмалар бойынша өтеді;
2) екінші кезең – облыстық. Облыстық кезең 2023 жылғы 5 қазанда Өскемен қаласында өткізіледі.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері алдын ала өтінімдерді (№1 қосымша) 2023 жылдың 27 қыркүйегіне дейін әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау мақсатында қатысушылардың санын сынып бойынша, оқыту тілдері бойынша көрсете отырып (файл атауы «Олимпиадаға өтінім») ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық поштасына жолдайды.
Барлық кезеңдердің тапсырмалары әдістемелік ұсынымдардың параметрлері мен критерийлеріне сәйкес бағаланады.
3. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер
3.1. Жіберуші білім беру ұйымдарының басшыларының қолы қойылған, дәрігер куәландырған Олимпиадаға қатысуға өтінімдер өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі (№2 қосымша).
Өтініммен бірге мандаттық комиссияға беріледі:
- қатысушылардың жеке куәліктерінің түпнұсқасы мен көшірмелері (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік) және команда өкілінің;
- оқушының осы оқу орнында оқитынын растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы (№3 қосымша);
- команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша және қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша бұйрық.
4. Олимпиадаға қатысушылар
4.1. Олимпиадаға денсаулық жағдайы бойынша негізгі медициналық топқа жататын жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары, «Дене шынықтыру» пәні бойынша олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.
Олимпиада теориялық және практикалық бөлім бойынша екі жас тобында өткізіледі:
1 топ – 5-6 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл, 5 қыз);
2 топ – 7-8 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл, 5 қыз).
4.2. Облыстық олимпиадаға қатысушы білім алушылармен бірге жүретін жауапты тұлғалар олимпиаданы өткізу орнына, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайту жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
5. Олимпиаданың жұмыс органдары
5.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті:
1) олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін айқындайды;
2) тікелей басшылықты жүзеге асырады;
3) дене шынықтыру бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады;
4) Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің төрағасына төрешілер алқасы мүшелерінің құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) Олимпиада қорытындыларын талдайды және жинақтайды, бұйрық жобаларын және Олимпиаданың қорытынды шешімін дайындауға қатысады;
6) Олимпиада материалдарын БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялайды.
5.2. Олимпиаданың бірінші кезеңіне басшылықты жүзеге асыру үшін аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамын білім бөлімдерінің тиісті органдары бекітеді.
6. Олимпиаданың төрешілер алқасы
6.1. Олимпиаданың төрешілер алқасының құрамына төраға, хатшы және төрешілер алқасының мүшелері кіреді.
6.2. Төрешілер алқасының құрамына жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, өткен жылдардағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және жоғары біліктілігі бар (педагог-зерттеушіден төмен емес) білім бөлімдерінің өкілдері кіруі мүмкін.
Төрешілер алқасының құрамына олимпиада кезеңдеріне қатысушы оқушылардың педагогтары қосуға тыйым салынады.
6.3. Олимпиаданың төрешілер алқасы:
1) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
2) жеңімпаздарды айқындайды және жүлделі орындар беру үшін Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді;
3) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылау мен үйлестіруді жүргізеді.
7. Нәтижелерді анықтау
7.1. Олимпиада теориялық және практикалық бөлімдерде ұпай сомасы бойынша үш жүлделі орынды айқындай отырып, жеке-командалық біріншілік ретінде өткізіледі.
7.2. Бірнеше қатысушылар мен командалардың нәтижелері тең болған жағдайда, практикалық тапсырманың жеке жаттығуларын орындау кезінде оларға бірдей ұпай саны беріледі.
7.3. Бірнеше қатысушылар мен командалардың ұпайлары тең болған жағдайда практикалық тапсырманың жеңімпазы және басқа қатысушылар мен командалар алатын орындар практикалық байқаудың басымдығына сәйкес анықталады.
7.4. Теориялық тапсырмаларды орындау кезінде қатысушы мен команданың орны барлық қатысушылардың дұрыс жауаптарының санын салыстыру арқылы анықталады.
7.5. Олимпиаданың жалпы командалық есебінде команданың теориялық және практикалық бөлімдерде жинаған ұпайларының саны жинақталады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер жинаған ұпайларының ең көп сомасы бойынша анықталады. Ұпайлар тең болған жағдайда Олимпиаданың практикалық бөлімінде үздік нәтиже көрсеткен командаға басымдық беріледі.
8. Қорытынды шығару және олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
8.1. Жарысты төрешілер алқасы бағалайды.
Төрешілер алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен рәсімделеді.
8.2. Олимпиада қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
Жалпы командалық есептің жеңімпаз және жүлдегер командалары әр жас санатында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен, кубоктармен марапатталады.
Жеке есепте жеңімпаз және жүлдегер қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Номинациялар бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар мен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиаданың қалған қатысушылары қатысу туралы электрондық сертификаттар алады. Қатысушылардың сертификаттарының электрондық нұсқалары ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының https://www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7232)70-26-74.
9. Олимпиаданы қаржыландыру
9.1. Олимпиаданы қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
9.2. Қатысушылардың жол жүруі, олардың Олимпиада өтетін жерге баратын жолда тамақтануы және кері қайтуы жөніндегі шығыстар жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
9.3. Жетекшінің іссапар ақысын төлеу (жол жүру, тұру, Олимпиаданы өткізу кезінде тамақтану (түскі ас), оны өткізу орнына баратын жолда және кері қарай) – жіберуші тараптың есебінен.