Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2023 жылғы 06 қыркүйектегі №05-01/146 хатына сәйкес 2023 жылғы 05 қазан күні «Дене тәрбиесі» пәні бойынша облыстық оқушылар Олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу жоспарлануда.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектептің білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың мектептегі тәжірибесін байыту; дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – аудандық, 2023 жылдың қыркүйек айында;
2) екінші кезең – облыстық, 2023 жылдың 05 қазан күні Өскемен қаласында.
|
Уақыты |
Олимпиада бағдарламасы |
|
09.00 |
Мандаттықкомиссия. Төрешілер алқасының отырысы |
|
10.00 |
Теориялық кезең (тестілеу) |
|
11.00 |
Практикалық бөлім (гимнастика, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол) |
|
13.00 |
Түскі ас |
|
14.00 |
Практикалық бөлім (гимнастика, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол) |
Олимпиадаға денсаулық жағдайы бойынша негізгі медициналық топқа жататын жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары, «Дене тәрбиесі» пәні бойынша Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.
Олимпиада екі жас тобы бойынша өткізіледі:
1-топ – 5-6 сыныптар – 10 білім алушы (5 ұл, 5 қыз);
Аудандық/қалалық білім бөлімдері алдын ала өтінімдерді 2023 жылдың 27 қыркүйегіне дейін әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау мақсатында қатысушылардың санын сынып бойынша, оқыту тілдері бойынша көрсете отырып (файл атауы «Олимпиадаға өтінім») ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Жіберуші білім беру ұйымдары басшыларының қолы қойылған, дәрігер куәландырған Олимпиадаға қатысуға өтінімдер мандаттық комиссияға өткізу орнынакелгеннен кейін беріледі.
Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:
- қатысушылардың (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік) және команда өкілінің жеке куәліктерінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
- оқушының осы оқу орнына тиесілігін растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы;
- команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша бұйрық.