Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 қыркүйекте Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Байқауға 10-17 жас аралығындағы балалар көрсеткен шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - 8, 2 орын - 9, 3 орын - 13 оқушы (1 қосымша).
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!