+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының республикалық кезеңінің анонсы
18 Қыр, 15:15

2023 жылдың 22-23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО білім басқармасымен бірлесіп «Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауын өткізеді. Байқау Шығыс Қазақстан облысында ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығының  Таулы Үлбідегі базасында өтеді.                      

Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Байқауға Республиканың барлық өңірлерінен - облыстық кезеңнің 132 жеңімпазы қатысады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

1) «Менің елім - менің жерім» (классикалық живопись, тематикалық натюрморт);

2) «Таланттар палитрасы» (авангардты және эксперименттік живопись, сюжеттік композиция).

Шығыс Қазақстан облысы атынан байқауға облыстық кезең жеңімпаздары атанған 7 оқушы қатысады:

Сергеева Полина – Шемонаиха ауданы («Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК);

Оралбекова Аяла – Глубокое ауданы («Опытное поле аулының балалар музыка мектебі»КМҚК);

Батырбекова Жансу – Зайсан ауданы (Х. Мустафина атындағы мектеп-лицейі»КММ);

Шатаев Александр – Риддер қаласы («Балалар көркемсурет мектебі»КМҚК);

Наседкина Софья – Өскемен қаласы («Жұлдыз»балалар өнер мектебі» КМҚК);

Кириченко Ангелина - Өскемен қаласы («Жұлдыз»балалар өнер мектебі» КМҚК);

Дорохова Анастасия - Өскемен қаласы («Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК).

Қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!