Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 19 қыркүйегінде жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізеді.
Байқаудың басты мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:
1. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.
2.«Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» номинациясы - жазушының «Соңғы көш» романынан 700 сөзден құралған үзіндіні жатқа оқу.
Жеңімпаздарға дипломдар, қатысушыларға сертификаттар және барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталады.
Оқиғаларды жариялауға қызығушылық білдіретін БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз (бағдарлама қоса беріледі).
Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/75-26-91 хабарласуға болады, электрондық пошта: priemnaya@shygysdaryn.kz.