2023 жылдың 22-23 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Дарын» лагері базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО білім басқармасымен бірлесіп «Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауын өткізеді.
Жарыстың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқауға облыстық кезеңінің 132 жеңімпазы қатысады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
1) «Менің елім - менің жерім»;
2) «Таланттар палитрасы».
Шығыс Қазақстан облысы атынан байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған 7 қатысушы қатысады:
Сергеева Полина – Шемонаиха ауданы («Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК);
Оралбекова Аяла – Глубокое ауданы («Опытное поле аулының балалар музыка мектебі» КМҚК);
Батырбекова Жансу – Зайсан ауданы (Х. Мустафина атындағы мектеп-лицейі» КММ);
Шатаев Александр – Риддер қаласы («Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК);
Наседкина Софья – Өскемен қаласы («Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК);
Кириченко Ангелина - Өскемен қаласы («Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК);
Дорохова Анастасия - Өскемен қаласы («Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК).
БАҚ өкілдерін өтетін іс-шараға 2023 жылғы 22-23 қыркүйекте қатысуға шақырамыз.
Іс-шара бағдарламасы қоса берілген.
Қосымша ақпаратты 8 (7232)76-26-91 телефон арқылы алуға болады.





