+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Алау» облыстық әскери-спорттық ойынын өткізу туралы
14 Қыр, 17:17

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19-20 қазан аралығында Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынын өткізу жоспарлануда.

Ойынның мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру.

Команда құрамы - 7 қатысушы (5 ұл және 2 қыз) және 1 команда жетекшісі.                                                             

Жарысқа қатысуға өтінімдерді 2023 жылдың  13 қазан, сағат 17:00-ге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, е-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша жіберулеріңізді сұраймыз, тел. 8(7232)702674.