+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңін өткізу туралы
14 Сен, 16:58

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жыл 27-28 қыркүйек күндері Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Жарыс) өтеді.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері:  қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру, ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, мектеп жасындағы балаларды дене тәрбиесі мен спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.

27 қыркүйек – тіркелу, қатысушылардың салмағын өлшеу, сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін мандаттық комиссия, сағат 18:00-де бас төрешілер алқасының командалардың өкілдерімен отырысы.

28 қыркүйек – жарыс.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының медициналық тексеруден өткен 2007-2008 жылдары туған (ұл, қыз) оқушылар және қосымша дәрігер анықтамасы бар 2009 жылы туған оқушылар қатыса алады.

Жарыс жекелей кездесу жүйесімен және командалық жүйемен өтеді.

Жарыс төмендегі салмақ дәрежелері бойынша өткізіледі:

Ұлдар: 46, 50, 55, 60, 65, 70, 76, 82, +82 кг.

Қыздар: 40, 44, 48, 52, 56, 60, 65, +65кг.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мектептерінің құрама командалары қатысады. Команда құрамында 1 жаттықтырушы, 1 төреші болуы шарт. Қатысушылар санына шектеу жоқ.

Жарысқа қатысуды растау хаты 2023 жылдың 18 қыркүйегіне дейін sporturizm@shygysdaryn.kz электрондық пошта арқылы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.

Жарыстарға қатысу үшін командалар мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) Жарысқа қатысуға білім беру мекемесінің басшысымен дәрігердің рұқсаты бар өтінім;

2) қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);

3) оқушының аталған оқу орнында, спорт мектебінде оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы;

4) қатысушының сақтандыру полисі.