+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын өткізу туралы
14 Қыр, 16:33

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу  ерікті  болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.

 Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2023 жылдың 28 қыркүйегі күні сағат 09:00-ден бастап 21:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады. 

 Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 28 қазанға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе priemnaya@shygysdaryn.k zэлектронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:

 

Орын

Қала/аудан

Мектебі

Сыныбы

Қатысушының тегі, аты (толығымен)

Дайындаған мұғалімнің АТЖ