+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізу туралы
23 Қаң, 13:00

 

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) экология - химия және география пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен  бірлесе 2013 жылдың 19-нан 21 дейін Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2008 жылғы№282 бұйрығына сәйкес VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізеді.

Кафедра бірнеше жыл бойы экология пәні бойынша қалалық, облыстық, республикалық оқушылар олимпиадаларын өткізіп жүр. 2007 жылдан бері экологиядан оқушылардың алты Республикалық олимпиадасы өткізілді, онда біздің республикамыздың барлық облыстарынан 850-ге жуық оқушылар қатысты. Қазақстанның орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларын экологиядан оқушылардың VІI Республикалық олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға танымдық қызығушылықтарын дамыту,ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау,  табиғатқа деген аяушылық қарым-қатынасқа негізделген, терең патриоттық сезімге  тәрбиелеу сонымен қатар оқушылардың  белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.

Олимпиада республика аймақтарында экологиялық білімдер сапасы мониторингін өткізуді және тұрақты даму мақсатында орта білім модернизациясын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Олимпиада төрт турда өтеді:

1-тур алдын – ала: Жеке ғылыми жобалардың жазылуы және дайындығы мектепте мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Сайысқа жобалар 2013 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс.

2-4 турлар олимпиада жүргізу үрдісінде өтеді (2013 жылдың 20-21 сәуірде):

2 - тур – теориялық (тестілеу)

3 - тур – практикалық.

4 - тур – олимпиаданың алғашқы үш турының нәтижесінде жоғары ұпай алған оқушылардың өздерінің экологиялық жобаларын қорғауы.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың өту тәртібі, ғылыми жобаны даярлау талаптары және сайыстың бағалау критерийлері экологиядан өткізілетін VII Республикалық оқушылар олимпиадасының өткізілуі жөніндегі Ережеде жазылған (Ереже қосымша тіркеледі).

Олимпиаданы жүргізу тілдері: қазақ, орыс.

Экология пәні бойынша өткізілетін VII Республикалық оқушылар олимпиадасына қатысам деушілер өтінішті 2013 жылдың 23 ақпанына дейін жіберулері керек.

Тапсырыс түрі (тапсырысты мектеп директоры бекітеді):

Қатысушының аты-жөні

Облысы, ауданы

Мектебі, сыныбы

Оқытылу

тілі

Мұғалімнің

аты-жөні

Мекенжайы, телефоны,

 е-mail

Іссапарлық шығынды (жолақы және мейманханада тұру) іссапарға жіберген оқу орны төлейді.

Олимпиадаға қатысушылардың келуі 2013 жылдың 19 сәуіріне дейін, кетуі 21 сәуір, сағ.1800 кейін. 2013 жылдың 10 сәуіріне дейін келетін күні, сағаты, поездың нөмірі немесе автобус рейсі жөнінде мәліметтерді жіберулері керек.

Біздің мекенжай: 071410 Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі,1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология - химия және география пәндері кафедрасы.

Қосымша мәліметті мына телефондар арқылы алуларыңызға болады:

(8-7222) 77-33-58, 42-29-37, 42-49-41 және электрондық пошта: pur@sgpi.kzkecol@sgpi.kz.