+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ережесі
04 Қыр, 17:48

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының (бұдан әрі – Байқау) облыстық кезеңінің мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

3. Байқаудың міндеттері:

1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;

2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;

3) бастамалар және инновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;

4) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;

5) балалар мен жастардың жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;

6) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

4. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

5. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын Байқаудың ұйымдастырушылары қалыптастырады.

2. Байқауға қатысушылар және өткізу мерзімі

6. Байқау 2023 жылғы 26 қыркүйекте қашықтық форматта ZOOM интернет-платформасында өткізіледі.

7. Байқауға қатысушылар – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылар.

8. Әр аудан/қала аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары арасынан 1 команданы (8 адам) қамтамасыз етеді.

9. Аталған номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау әрбір аудан, қала үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.

10. Байқау жұмысын қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын (макеттер, модельдер, бейне және т.б.) пайдалана отырып, 5 минутқа дейін.

11. Байқауға қатысуға өтінімдер басшының қолымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінен қабылданады!

12.Тікелей жалпы білім беретін мектептерден және қосымша білім беру ұйымдарынан және телефон арқылы жіберілген өтініштер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

13. Нысанға сәйкес қатаң түрде толтырылған және аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімді (1 қосымшаға сәйкес), сондай-ақ байқау жұмыстарын tvorchestvo@shygysdaryn.kz электронды поштасына 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жіберу қажет.

14. Өтінімге қоса:

1) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А., туған жылы, сыныбы, оқу орны, тұрғылықты мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны);

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.

15. облыстық байқаудың аудандық, қалалық кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтан жүргізіледі.

3. Байқауды өткізу тәртібі

16. Облыстық Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – аудандық (қалалық);

2) екінші кезең – облыстық;

3) үшінші кезең – Республикалық.

17. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас). Әлеуметтік жобалар байқауы мыналарға бағытталған:

- қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету;

- кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мінез-құлық әрекеттерін алдын алу;

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу;

- балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға дайындауға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы.

2. «Отаным - қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас). Шығармашылық жобалар байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

- жаңа еріктілер жасақтарын құруға және дамытуға;

- әлеуметтік маңызды істерді ұйымдастыруға, оның ішінде бос уақытты ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға;

- салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

3. «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас). Шығармашылық жобалар байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

- барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды тарту;

- қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;

- отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту, балалар мен жастар ортасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тіліне және отбасылық құндылықтарына толерантты және құрметпен қарауды нығайтуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

4. «Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас). Шығармашылық жобалар байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

- «мектеп – ата-ана» тиімді ынтымақтастық бағытын дамыту;

- мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік бағытталған қызметін дамыту және жасөспірімдердің кент, қала, өңір деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге азаматтық көзқарастың маңыздылығын түсінуі үшін жағдайлар жасау;

- мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен іске асырудың шығармашылық тәжірибесін жалпылауға ықпалдасу;

- ақпараттық, білім беру ортасын дамыту, балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту;

- әлеуметтік бағдарланған сайттар, интернет-ресурстар құру, білім беру және кәсіби бағдарды жобалау және т. б. бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

5. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы  – 15-17 жас). Қоғамның, жеріміздің табиғи, тарихи және мәдени игілігі туралы ақпараттандырылуына ықпал ететін жобалар байқауы – палеолиттен XXI ғасырға дейінгі түрлі дәуірлердің сәулет ғимараттары мен ескерткіштері, Каспий теңізінен Жоңғар Алатауының жотасына дейінгі табиғат кереметтері.

6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы(қатысушылардың жасы –15-17 жас). Қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі, принциптерін бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен білімін мысалдар арқылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы шығармашылық жобалар байқауы. Бұл адамдар – біздің замандастарымыз, олардың өмір жолы мен жетістіктері – бәріне үлгі.

7. «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас). Байқау мәдени мұраны сақтау және жаңғырту;

- шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту;

- бос уақыттың жаңа түрлерін құруға ықпал етуге бағытталған жобалар байқауы.

8. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас).  Шығармашылық жобалар байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

- отбасының, білім беру ұйымдарының, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің отбасылық тәрбие мен әлеуметтендіру саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту;

- отбасы мен қазақстандық қоғамның рухани денсаулығының негізі ретінде отбасылық шығармашылық пен отбасылық құндылықтардың сабақтастығы мен қолдауы;

- отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

18.Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:

1) жобаның Байқау шарттарына сәйкестігі;

2) шығармашылық жобаның әлеуметтік тиімділігі – шешілетін  әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы;

3) жобаның міндеттері бойынша іс-қимыл жоспарының болуы;

4) жобаны іске асыру үшін қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық-техникалық, ақпараттық);

5) әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл көзқарас;

6) жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді пайдалану;

7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды нәтижелердің шынайылығы және жобаның болашақтағы дамуы: жергілікті деңгейдегі нақты аудиторияның жоба бойынша сұранысы);

8) зерттеудің жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі;

9) жұмыстың ресімделуі.

19. Жобаны қорғау кезінде жұмыс авторына 5 минут беріледі, ол мынаны ашуы керек:

- жұмыстың мақсаты;

- тақырыптың өзектілігі;

- қойылған мақсатқа жету әдістері;

- нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығы;

- жұмыстың негізгі қорытындылары.

20. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі байқау жұмыстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша ұпайларды қоя отырып, бағалау парағын толтырады.

21. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары http://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

4. Байқаудың қатысушыларын марапаттау

22. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

5. Байқауды қаржыландыру

23. Байқау шығыстары бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.