+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Қауіпсіздік мектебі - 2023» облыстық жарыстарын өткізу туралы
04 Қыр, 17:02

ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында «Дарын» лагерінің, Таулы Үлбі базасында «Қауіпсіздік мектебі - 2023» облыстық жарыстарын өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріне үйрету.

Жарысқа 15-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады.

Жарысқа қатысуға өтінімдерді 2023 жылдың  15 қыркүйек, сағат 17:00-ге дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы,  е-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz, мекен-жайы бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.тел. 8(7232)702674.