1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауының облыстық кезеңінің (ары қарай – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.
2.Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
3. Байқаудың міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, зияткерлік бастамаларын белсендіру;
2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;
3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;
4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;
5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.
4. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
5. Байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
2. Байқауды өткізу мерзімі
6. Байқау 2023 жылдың 15 қыркүйегінде өткізіледі.
7. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған байқауға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымшаға сәйкес) е-mail-ге жіберу қажет: tvorchestvo@shygysdaryn.kz 2023 жылғы 12 қыркүйекке дейін.
8. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) youtube.com арнасында орналастырылған видео материалдардың сілтемесі, мәтіндік сипаттама, 4 фотосурет.
3) Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әр номинацияда – 1 жұмыс).
9. Байқаудың қорытындысы http://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
10. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
3. Байқауға қатысушылар
11. Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының, облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Қатысушылардың жас санаты: 10-17 жас.
12. Топ жетекшісінің міндеттері:
- қолданылатын платформаны, техникалық құралдарды анықтауға командаға көмектеседі;
- кеңес береді, Байқауға дайындық бойынша жұмыс барысын бақылайды;
- команданы ұйымдастырушылардың алдында оның мүддесін білдіретін, сондай-ақ команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқару;
- қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жіберу және өтінімді тапсыруды жүзеге асырады.
4. Байқауды өткізу тәртібі және шарты
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Байқау;
аудандық (қалалық) Байқау;
- екінші кезең (қорытынды) – облыстық Байқау.
13. Облыстық кезеңнің өтетін орны мен уақыты кейінірек хабарланады.
14. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);
2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);
3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылықшендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);
4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);
5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);
6) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер - 1 қатысушы (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);
7) авиация саласындағы модельдер авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер - 1 қатысушы (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);
8) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер – 1 қатысушы космос техникасын әзірлеу саласындағы модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника).
Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Бұл модельдер ашық микроконтроллерде, дистанциялық пульттер, мүмкіндігінше механикаландырылған, электрлендірілген модельдерде орындалу керек. (42 BT жоғары тоқ кернеуі тыйым салынады).
15. Қолданыстағы модельдердің демонстрациясын қорғау уақытының ұзақтығы 3-5 минут. Модельдерді қатысушы өз бетінше орындауы керек. Лазерлік станокта 3 D – басып шығаруда және кесуде орындалған модельді ішінара орындауға ғана рұқсат етіледі (25% - дан аспайды).
БАРЛЫҚ НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ҰСЫНЫЛҒАН МОДЕЛЬДЕР ІСКЕ ЖАРАМДЫ БОЛУЫ ӘРБІР ҚАТЫСУШЫ ҮШІН МІНДЕТТІ ШАРТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
16. Модельді қорғауды бағалауға басқа конкурста патенттің немесе жүлделі орынның болуы әсер етпейді.
17. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
18. Бағалау өлшемдері:
қолданыстағы модельдің сипаттамасы;
автордың шығармашылық идеясы;
қолданыстағы модельдің практикалық маңыздылығы;
қолданыстағы модельдің өзектілігі;
қолданыстағы модельдің сапасы мен функционалдығы;
тақырыпты ашудың толықтығы.
5. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
19. Кәсіби әділқазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының мүшелері бағалау парақтарын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
Әділқазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
20. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарға дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алу қажет.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.