+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі
28 Там, 09:46

24-25 тамыз күндері Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Кеңеске қатысуға өңірлік «Дарын» орталықтары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің өкілдері шақырылды.

Аймақтық тақырыптық алаңға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Г.Т. Сүлейменова және Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы қатысты.

Тамыз кеңесінің тақырыптық алаңында республикадағы дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістіктер, проблемалар мен шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ өңірлердегі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау бойынша озық тәжірибелер таратылды. Осы мақсатта Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» ШҚО дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының Таулы Үлбі базасында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі ұсынылды.

Тамыз кеңесінің секциялық отырысында 16 баяндамашы 6 бағыт бойынша ғылыми зерттеулерін, жобаларын, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар үшін Ұлытау өңірінің тарихи жерлеріне экскурсия ұйымдастырылып, мәдени шаралар өткізілді.