+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Әділетті ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы
28 Там, 09:42

2023 жылдың 24-25 тамызында Шығыс Қазақстан облысында «Әділетті ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. Өңірдегі 10 секциондық отырыстың негізгі бағыты «Қосымша білім беру – балаларды тәрбиелеу және дамыту әлеуеті».

Қосымша білім беру, дене шынықтыру мен спорт саласының 350 педагогы ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, музыкалық, спорттық және қосымша білім берудің басқа да бағыттары бойынша практикалық, теориялық, әдістемелік сессиялар мен шеберлік сыныптарының, сондай-ақ спорттың негізгі түрлері бойынша шеберлік сыныптарының белсенді қатысушылары болды.

Пленарлық отырыс Қазақстан өңірлерін тікелей қосумен онлайн режимінде өткізілді. Отырыс Мемлекет басшысының құттықтауымен ашылды. Республикалық бірыңғай пленарлық сессия аяқталғаннан кейін ШҚО әкімінің қатысуымен өңірлік тамыз кеңесінің пленарлық сессиясының отырысы өтті.