2012 жылғы қаңтарының 13 мен 19 аралығында Алматы қаласында физика-математикалық мектептер арасындағы ғылыми білімдерді насихаттау, ел аралық қатынасты дамыту және нығайту мақсатында математика, физика және информатика пәндері бойынша VІІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Сайыс О.А.Жәутіков атындағы физика-математика республикалық арнайы мектеп-интернатында жүргізілді. Олимпиадаға әлемнің 14 елінен шамамен 470 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының командасының құрамында мына оқушылар болды:
1. Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған математика, физика, информатика саласындағы арнайы мектеп-лицейінен:
- Святова Александра;
- Саблин Николай;
- Хусаинов Ильяс;
- Сагадиева Сауле.
2. Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінен - Мукашев Ануар.
3. Өскемен қаласының О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінен - Серикбеков Сұлтан.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ - дәрежелі диплом мен қола медальді Мукашев Ануар жеңіп алды.
Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, олардың мұғалімдеріне және ата-аналарына бұдан былай сәттіліктер тілейміз!