+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХХIV Республикалық Абай оқуларының қорытындысы
10 Там, 12:54

2023 жылғы 8-10 тамыз аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXIV Республикалық Абай оқулары өтті. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 132 оқушы қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығы».

Шығыс Қазақстан облысынан байқауға облыстық кезеңінің жеңімпаздары болған 6 оқушы қатысты.

Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:

-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;

- «Абайдың қара сөздері» – Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;

-«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;

- «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;

- «Ұлылар әлемі» – Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.

Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:

І орын: Балғабаева Айғаным (Зайсан ауданы);

І орын: Маратқызы Томирис (Тарбағатай ауданы);

І орын: Қанафия Арайлым (Тарбағатай ауданы);

ІІ орын: Болатбекова Аруна (Өскемен қаласы):

ІІІ орын: Тоқтарғазы Меруерт (Катонқарағай ауданы).

ХХІҮ республикалық Абай оқулары байқауында даралығын көрсетіп, ерекше өнерлерімен үздік деп танылған ШҚО командасы «Бас жүлде» дипломмен марапатталып, кубок табысталды.

Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдар және сыйлықтармен, және жүлделі орын алған окушылардың ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды.

XXIРеспубликалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!