2023 жылғы 9 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында 53-ші «Қазақстан оқушысы-2023» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының жабылу салтанаты өтті.
Велосипед жарысына Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан келген 11 оқушылар командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО командасының жас спортшысы Хасенов Алдияр 80 шақырымдық топтық жарыс кезеңінде жеңіске жеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!








