+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының қоржыны тағы бір Халықаралық деңгейдегі медальмен толықтырылды
25 Шіл, 16:13

Цюрихте (Швейцария) IСhО-2023 Халықаралық химия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Зияткерлік сайысқа әлемнің 88 елінен 350-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы зияткерлік құрамасының қатарында ел намысын Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат қорғады.

Олимпиада жалпы уақыты 5 сағатқа дейін созылған екі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік.

Екі турдың қорытындысы бойынша Мамырбеков Бекболат қола медаль иегері атанды.

Бекболат республикалық оқушылар олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық Менделеев олимпиадасының екі дүркін қола жүлдегері, Туймаада халықаралық олимпиадасының күміс жүлдегері болып табылады.

Бекболат пен  ата-анасын, сонымен бірге жаттықтырушы-ұстаздарын Халықаралық деңгейдегі кезекті жеңісімен құттықтаймыз!