2023 жылдың 2 мен 9 шілде аралығында «Математика» және «Информатика» пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы қашықтықтан өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру іргелі ғылымдармен айналысуға ынталандыру, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту.
Олимпиаданың ұйымдастырушысы - Саха Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр «Математика» пәнінен марапатталды.
Олимпиада жүлдегерін, ата-анасын марапаттымен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!