Елордамыздың 25 жылдығын мерекелеу аясында 2023 жылдың 1-5 шілдесі аралығында «Астана-менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі және ШҚО Білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы.
Әлеуметтік турдың мақсаты мен міндеттері - балаларды Астанамен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу.
Әлеуметтік тур аясында балаларға кәсіби экскурсоводтардың қатысуымен экскурсиялар ұйымдастырылды. Турға қатысушылар ҚР Ұлттық мұражайына, Бейбітшілік және келісім сарайына, «Болашақ Энергиясы – «Нұр Әлем» мұражайына, «Бәйтерек» монументіне, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, ҚР Әскери-патриоттық мұражайына, Қазақстанның «Атамекен» картасына барды.
Океанариумға, джунглиге, экзотариумға және батут орталығына бару балаларға жарқын әсер қалдырды. Айналаны шолу дөңгелегінде елорданың барлық көрікті жерлерін ұшар биіктен тамашалады. Біздің Отанымыздың жүрегіне жасалған экскурсия қатысушыларда ұмытылмас әсерлер мен көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.




