Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO) Тирана қаласында (Албания) өтті. Оған әлемнің 20 елінен 126 оқушы қатысты. Олимпиадаға Қазақстаннан 6 оқушы - 2023 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері қатысты.
ҚР Ұлттық зияткерлік құрамасының құрамында Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім – инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс қоржыны халықаралық деңгейдегі тағы бір медальмен толықты. Әлинұр лайықты өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.
Әлинұрды, оның ата-анасын және тренер-ұстаздарын лайықты жеңіспен құттықтаймыз!