+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қорытындысы
21 Мау, 18:38

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар,

экологтар мен табиғат зерттеушілерініңреспубликалық форумының қорытындысы

2023 жылдың 8-9 маусымы аралығында қашықтықтан (номинациялар онлайн-платформада) «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерініңреспубликалық форумы өтті.

Форумға республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысты. Облыс намысын облыстық, аудандық және мектеп форумдарының 9 жеңімпаз оқушысы қорғады.

Форум қорытындысы бойынша:

«Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға Қасейінқызы Айгерім,Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»КММ, 10 сынып оқушысы ие болды;

«Zhasyl El» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломды Күршім ауданы, «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, 11 сынып оқушысы Осипова Алина жеңіп алды.

Республикалық форумның барлық қатысушыларын, ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!

Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!