2023 жылдың 15-16 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ел үміті» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» атты 1-ші Халықаралық психологтар форумы өтті.
«Дарын» орталықтарының директорлары мен өкілдері, «Qabilet» қызметінің, білім беру ұйымдарының психологтары мен педагогтары форумға қатысуға шақырылды. Форумның пленарлық отырысында «Білім беру жүйесінде балалардың қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің заманауи тенденциялары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Н.Оспанова, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылар сөз сөйледі. Форум аясында оқушылардың қабілеттілік психологиясы мен дарынын дамыту бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.



