2023 жылғы 9-13 маусым аралығында Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Шығыс Қазақстан облысы командасының намысын 6 оқушы қорғады.
2-4 сынып оқушылары үш күн бойы мықтылар атағы үшін білім сайысына түсті. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: «Әу, баста!» және «Асық»командалық сынақ форматында ұйымдастырылды, сондай-ақ «Математикалық бәйге», онда қатысушылардың жеке сынақтарының нәтижелері қаралды.
Командалық есепте дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің командасы 3 орынға ие болды.
Математикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
1. Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы Оспанов Альтаир;
2. Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы Дүйсен Алан.
Олимпиада қатысушыларын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!