+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13 Мау, 11:42

2023 жылдың 8-11 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысына қатысты.

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қоржыны 2 жүлдемен толықты:

ІІ орын - Какоткин Егор (Өскемен қ., «Жас техниктер станциясы» КМҚК);

ІІІ орын – Ерболатұлы Алдияр (Тарбағатай ауданы, «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ).

Жарыстың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, барлығына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!