2023 жылғы 7 маусымда Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларының «Ең үздік!»форумыөткізілді.
Форумның мақсаты – 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығару және оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды оқушыларды марапаттау. Форум оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге және қалыптастыруға, өңірдің дарынды балаларына қолдау көрсетуге бағытталған.
Форумға халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Ағымдағы оқу жылында маңызды халықаралық және республикалық сайыстарда Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы 118 медаль жеңіп алды, оның ішінде 24-і алтын, 49-ы күміс, 35 қола медаль.
Дарынды оқушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік құрама командасының құрамында халықаралық маңызды олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Инесса Александровна Чернышёва дарынды оқушыларды құттықтап, алдағы уақытта табыс тіледі.
Шығармашылық ұжымдар – республикалық байқаулардың лауреаттары қатысушыларды құттықтап, өнерлерін көрсетті.
Форумға қатысушыларға грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды.




