+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық семинар «Көп тіл білетін дарынды тұлға қалыптастыру»
03 Қар, 12:53

2010 жылдың  27 қарашасында Шығыс Қазақстан өңірлік – ғылыми практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеп, қорытып, тарату мақсатымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы  №5 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Көп тіл білетін дарынды тұлға қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізуді жоспарлайды. cut

Облыстық семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директордың орынбасарлары қатыса алады. Семинар қазақ тілінде өтеді.

Әр ауданнан - 2 адамнан, облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен – 1 адамнан шақырылады.

Семинар Шәкәрім атындағы  №5 мектеп-гимназияда (Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі, 38)  өтеді. Қатысушыларды тіркеу - сағат 08.30-да.

Іссапар шығындары бағыттаушы жақтың есебінен өтеледі.

Семинарға қатысушыларға сертификат беріледі.

Семинарға қатысуға өтінімдерді берілген үлгіде 2010 жылдың 20 қарашасына дейін 8(7232)758459 факсіне жіберу қажет:

 

Аты, жөні, тегі (толық)

Аудан/қала, мектеп

Лауазымы

Қонақ үйдің қажеттілігі