+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мемлекеттік тілден республикалық өткізілген олимпиада қортындысы
17 Қаң, 13:13

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен Астанада «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілі бойынша өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында VI республикалық қашықтан олимпиадасын өткізді.

Олимпиада мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше ықылас білдірген лингвистикалық таланттарды қолдау мақсатында оқушылар арасында жыл сайын өткізіліп келеді. Олимпиада екі тур бойынша өтті. Оn-line режимінде өткізілген бірінші турға 703 мектеп оқушысы қатысты. Қашықтан өткізілген турдың қорытындысымен ең жоғары ұпайалған оқушылар Щучье қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына олимпиаданыңақтық кезеңінешақырылды. 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сертификаттары мен ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  Глубокое ауданы Жаңа – Ертіс орта мектебінің 5 сынып оқушысы Копнина Вероника қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.

Верониканы, оған білім берген және олимпиадаға дайындаған барлық ұстаздарды үлкен табыстарымен құттықтаймыз! Сәттілік пен алдағы уақытта жетістіктер тілейміз!