+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 КЕРЕМЕТ» балалар фестивалінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01 Мау, 18:37

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде «7 КЕРЕМЕТ» балалар фестивалін өткізді. Сол жағалау кешенінде (Этнопарк) балаларға арналған жарқын және үлкен мереке өтті.

7 алаңда жас шығысқазақстандықтар үшін балалар мен ата-аналарға арналған қызықты танымдық және ойын-сауық ойындары, караоке, спорттық эстафеталар, твистинг, шеберлік сыныптары мен квесттер ұйымдастырылды!

Бойшаң қуыршақтар мен сүйікті мультфильм кейіпкерлері қимыл-қозғалыстарымен, ым-ишараларымен жас бүлдіршіндерді өздеріне еліктіріп, олар үшін басты кейіпкерге айналды.

Балалар мерекесінде «Казцинк» ЖШС сусындарды тегін таратудың демеушісі болды.

«7 КЕРЕМЕТ» балалар фестивалінің жас қонақтары керемет көңіл-күй мен жарқын позитивке ие болды!!!