Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
1 маусым күні балалар еліміздің бас ғимараты Президенттің «Ақорда» резиденциясында болды. Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихымен танысу мақсатында Тұңғыш Президент мұражайына барып, Орталық Азиядағы ірі мұражай «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайын», «Бәйтерек» Монументін тамашалады.
Экскурсия соңында балалар Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының «Бразилия байлығы» атты театрландырылған қойылым-ертегісінің куәсі болды.
«Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысының атынан елорданың жас қонақтары естелік сыйлықтар алды.
Бұл қызықты сапар оқушылардың айтуынша олардың естерінде мәңгі қалады.