Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 26 мамырында Балаларды қорғау күніне арналған «Білім жолы» облыстық зияткерлік марафонын өткізді.
Марафонның мақсаты-мектепалды даярлық сыныптарында балалардың танымдық белсенділігін арттыру және қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуларына ықпал ету.
Марафонға облыстың 5-6 жас аралығындағы 150-ден астам жас білгірі қатысты. Олар үшін математика, тілдерді білу, әдебиет, шығармашылық және спорт салаларында стандартты емес тапсырмалар әзірленді. Команда қатысушылары квест түрінде маршрут тізімі бойынша кезеңдерден өтті.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна марафонға қатысушыларды құттықтап, болашақ бірінші сынып оқушыларына нұрлы жол, оқуда табыс тіледі.
Марафонға қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатқа ие болды:
- Алтай ауданының «Звездочки Алтая» командасы «Жас білгірлер» номинациясымен;
- Риддер қаласының «Тұлпар» командасы «Жас полиглоттар» номинациясымен;
- Өскемен қаласының «Еркетай» командасы «Жас тапқырлар» номинациясымен;
- Өскемен қаласының «Радуга» командасы «Жас математиктер» номинациясымен;
- Өскемен қаласының «BalaLand» командасы «Жас зерттеушілер» номинациясымен;
- Өскемен қаласының «Алау» командасы «Жас өнертапқыштар» номинациясымен;
- Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің «Искорка» командасы «Жас эрудиттер» номинациясымен;
- Глубокое ауданы «Болашақ» командасы «Жас дарындылар» номинациясымен;
- Күршім ауданының «Бала бақыты» командасы «Жас алғырлар» номинациясымен;
- Самар ауданының «Құлыншақ» командасы «Жас ізденімпаздар» номинациясымен;
- Тарбағатай ауданының «Тарбағатай қырандары» командасы «Жас спортшылар» номинациясымен;
- Ұлан ауданы «Қасым ұрпақтары» командасы «Жас таланттар» номинациясымен марапатталды.
Командаларға дипломдар мен кубоктар беріліп, барлық балаларға кеңсе тауарлары салынған рюкзактар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Марафонға қатысушыларды, олардың ата-аналарын және ұстаздарын құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!




