+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысу қорытындысы
24 Мамыр, 19:39

2023 жылдың 22 - 24 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жасөспірімдер олимпиадасының Республикалық кезеңіне қатысты. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Қазақстанның барлық өңірінен 304 жасөспірім бақ сынады.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын ояту, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру.

Біздің облысымыздың намысын Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған 12 оқушы қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

  •  Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Ғазиз Мәди (информатика);

  • Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Мұқашев Дарын (биология).

III дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

  • Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Қабдыкәрім Әли (биология);

  • Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Дарынов Амир (география);

  • Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Амангелді Алдияр (информатика).

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Құдайберген Темирлан  (физика) марапатталды.

 

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!