+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 Мамыр, 10:09

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Фестивальдің мақсаты – үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Фестивальға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:«Үздік кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION-видео», «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «Музыкалық клип», «Телевизиялық сюжет», «Киножурнал», «Ғылыми кино».

Фестиваль қорытындысы бойынша 25 жеңімпаз анықталды: I орын – 8, II орын – 8, III орын – 9.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Облыстық кезеңнің ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар фестивальдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

             Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!