2023 жылдың 23 мамырында Өскемен қ. О. Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық орталығы базасында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикадан Қазақстандық арнайы олимпиадасының облыстық турнирі өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты - арнайы олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру.
Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің 12-15, 16-21 жас аралығындағы 64 спортшы қатысты.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес келесі бағдарламалар бойынша өткізілді: жүгіру , орнынан ұзындыққа секіру, доп лақтыру мен эстафета.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:
12-15 жас:
І орын – Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Алтай ауданы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІI орын - Өскемен қаласы, «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы;
ІІI орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы.
16-21 жас:
І орын - Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;
ІІ орын - Өскемен қаласы, «Жасөспірімдер үйі» КММ-нің командасы;
ІІI орын - Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!


