+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың облыстық олимпиадасын өткізу қорытынысы
10 Қаң, 12:37

2013 жылдың  8-9 қаңтарында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Шараның өткізілу мақсаты –  оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту және ғылыми білімді насихаттау, дарынды балалардың дамуы үшін қажетті жағдай жасау, оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау және іріктеу.

 

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптарынан 573 оқушы қатысты. Олимпиада 14 пән бойынша екі айналымнан (теоретикалық және практикалық):

- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (информатика, химия, физика);

- Жамбыл атындағы ДБА облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында (гуманитарлық циклдағы пәндерден);

- Өскемен қаласының №37 көпсалалы жалпы білім беретін орта мектебінде (жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер) өтті.

Жаңа үлгідегі техникалармен жабдықталған оқу бөлмелері мен зертханалар олимпиаданы жоғарғы деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.

Мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қазылар алқасы құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, СМПИ, ҚАЕУ ғалымдары болды.

Олимпиаданың салтанатты жабылуы кезінде қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы М.М. Ахметова құттықтау сөз  сөйледі.  

Ерекше қонақтар Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ  ректоры, ф-м.ғ.д., профессор Н.М. Темірбеков;  ШҚАУ ректоры, ф-м.ғ.д., профессор М.Қ. Қылышқанов; С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры, п.ғ.д., профессор Ғ.З.Адилгазинов; СПМИ профессоры, ф.ғ.д Б.А. Мукушев болды.

Облыстық олимпиада қатысушылары мен жүлдегерлері үшін облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ректорлық гранттары тағайындалды. Оларды салтанатты жабылуда университет өкілдері табыс етті:

- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті -3 грант (физика, химия, информатика);

- Семей қ. Мемлекеттік педагогикалық институты – 4 грант (химия, математика, физика; информатика);

- Шығыс Қазақстан аймақтық университеті – 12 грант (қазақ тілі, құқықтану негіздері, география, физика, биология, информатика, математика).

- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры олимпиаданың үздік  қатысушылары мен жүлдегерлеріне кітаптар, бағалы сыйлықтар және грамоталар берді.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен 36 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен 29 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 142 оқушы марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар, кітаптар берілді.