2023 жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге ынталандыру.
Олимпиадаға 3-4 сыныптардың 200-ден аса оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада Өскемен қаласы №46 орта мектебінің базасында өткізілді.
Олимпиада кезінде Youtube арнасында тікелей көрсетілім жүргізілді.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен –26, ІІ дәрежелі дипломмен – 41, ІІІ дәрежелі дипломмен – 56 қатысушы марапатталды. Ерекше жетістіктері үшін 72 қатысушы ШҚО білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!