2023 жылдың 19 мамырында 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Oqylyq» платформасында өткізілді.
Олимпиада оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Қорытынды кезеңге облыстық кезеңнің 16 жеңімпазы қатысты. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық оқушылар жүлдегер атанды.
I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Таирбергенов Глеб (жаратылыстану);
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Джексенев Закир (математика).
II дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Лебедева Полина (жаратылыстану);
- Алтай қаласы №11 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Грислит Даниил (математика);
- Алтай қаласы №8 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Рахметова Арина (орыс тілі мен әдебиеті);
Алтай қаласы №11 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Соловьева Арина (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі).
III дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Исабеков Тимур (ағылшын тілі);
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Каллер Никита (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
- Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Қанатова Әдемі (Қазақстан тарихы);
- Алтай қаласы №7 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Крашенинникова Арина (орыс тілі мен әдебиеті);
- Зайсан ауданы Айнабұлақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ерғали Ботакөз (қазақ тілі мен әдебиеті).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Есмұратова Шұғыла (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Өскемен қаласы О.Бөкей атындағы №44 лицейінің 6 сынып оқушысы Қанарбек Айзере (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Өскемен қаласы №45 орта бейіндік мектебінің 5 сынып оқушысы Сапуан Нұрәлі (Қазақстан тарихы);
- Алтай қаласы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Адил Алихан (ағылшын тілі);
- Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Адайқанова Қымбат (қазақ тілі мен әдебиеті).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!