Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін ояту, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары келесі номинациялар бойынша ұсынылды:
- «Менің елім - менің жерім»;
- «Таланттар палитрасы».
Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезеңнің ең жоғары балл жинаған жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!