2023 жылдың 19 мамырында 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Oqylyq» платформасында өткізілді.
Олимпиада оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Қорытынды кезеңге облыстық кезең жеңімпаздары қатысты. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиада қорытындысы www.daryn.kz. сайтында жарияланады.

