Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстық «Білім жолы» зияткерлік марафонын 2023 жылдың 25 мамыры күні өткізетінін хабарлайды. Марафон №46 орта мектебінің базасында (Көкжал Барақ көшесі, 8/2) өтеді.
Марафонның мақсаты – мектепалды даярлық тобының (сыныптарының) дарынды балаларын анықтау және жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.
Марафон мектепалды даярлық тобының (сыныптарының) балалары үшін өткізіледі. 5-6 жас аралығындағы балалардан Марафонға қатысушылар тобы құрылады. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден команда құрамы 11 адам:10 қатысушы және 1 топ жетекшісі. Марафон барысында команданың жеке құрамы өзгермейді. Тапсырмаларды қатысушылар тобы ұжымдық түрде орындайды.
Қатысушыларда өздерімен бірге: туу туралы куәлігінің көшірмесі, мектеп құралдары (қалам, түрлі - түсті қарындаштар, өшіргіш, жай қарындаш) болуы қажет. Киімге қатысты қойылатын талаптар: ақ көйлек, қара шалбар/белдемше.
Өтінімді 2023 жылдың 19 мамырына дейін priemnaya@shygysdaryn.kz мекен-жайына жіберу қажет. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.