+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының қорытындысы
17 Мамыр, 15:59

«EL UMITI»бастамасын іске асыру шеңберінде және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірінде облыстың ауыл мектептерінің 6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңін (іштей) өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

2023 жылы Олимпиада 1 наурыздан басталып, бірнеше кезеңнен өтті. Барлық қатысушылар онлайн-платформада тіркелді. ШҚО-дан тіркелген қатысушылар саны - ауылдық жерлердегі мектептердің 6 сыныптарының 2409 оқушысын құрады. Олимпиаданың бірінші кезеңі (күндізгі) кезінде тіркелген оқушылар компьютерлік тестілеуден өтті.

І кезеңнен өткендер үшін облыстың 170 оқушысына ІІ кезең 2023 жылғы 28 сәуірде U-Study тестілеу орталықтарының базасында өткізілді.

Олимпиада компьютерлік тестілеу форматында өтті және келесі пәндер бойынша академиялық қабілеттерді анықтауға бағытталады: математикалық сауаттылық; қазақ тілі; орыс тілі; ағылшын тілі; жаратылыстану.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 28 қатысушысы жеңімпаз атанып, республиканың 1000 үздік оқушыларының тізіміне енді.

Олимпиада жеңімпаздары облыстық және республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуға өтінім бере алады.

Қабылдау 30 мамырға дейін қатысушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

 

Жеңімпаздарды, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!