Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылы 24 - 27 желтоқсанда Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысындағы және облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршаларын өткізді.
Негізгі мақсаттар мен міндеттер:
- қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
- 9-13 жас аралығындағы оқу озаттарының арасынан жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына адрестік көмек көрсету.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттардан, облыстық білім мекемелерінен, «Бибі-Ана» мүгедек аналар қоғамынан, патронаттық отбасылардан Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін Жаңа жылдық шыршаға 200, облыс әкімінің шыршасына 150 дарынды оқушы қатысты.
Шыршаға келетін әр делегацияға Өскемен қаласының мектептері мен колледждерінің ұстаздарынан шефтер бекітілді.
Жаңа жылдық шыршаларға қатысушылар үшін «Қазақстанның жұлдызды қадамдары» деген тақырыпта сценарий әзірленді.
Балалардың Жаңа жылдық шыршаларда болу бағдарламасында:
24 желтоқсан – қатысушылардың Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интарнатқа және дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатқа орналасуы; үстел үсті, спорттық ойындар; «Жаңа достар ортасында» танысу кеші.
25 желтоқсан – жаңа жылдық мультфильмді тамашалау (ҮМЗ ОМҮ кинотеатры); балалар спектаклін (Жамбыл атындағы облыстық драма театры) тамашалау,
26 желтоқсан – сағат 11.00 - Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін Жаңа жылдық шырша; сағат 15.00 – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы; тарихи-өлкетану, этнографиялық мұражайларды, өнер мұражайын аралау; Жаңа жыл - ғажайыптардың сиқырлы мерекесі» көңіл-көтеру-танымдық бағдарламасы (тұратын орындарда).
Карнавалдардан кейін Шыршаларға қатысушылар суретке түсіп, «Тәттілер дастарқанынан» дәм татты.
27 желтоқсан – қатысушылардың қайтуы.
Жаңа жыл шыршатойына қатысушылардың бейімделу процесін жеңілдету, таныстықты ұйымдастыру, достық, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатымен психологиялық тренингтер өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысында өткізілген Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың әрқайсысына ноутбук пен кітаптар, жаңа жылдық кулек, облыс әкімінің шыршасына қатысушылар үшін планшет пен жаңа жылдық кулек сыйға берілді Балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге облыс әкімінің атынан сыйлықтар – компьютерлік және тұрмыстық техника тарту етілді.